Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

ҰҚШҰ өкілдері сайлау барысын бақылайды

Сайлау барысын халықаралық беделді қауымдастықтар да қадағалайды. Осы мақсатта Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының өкілдері де Астанаға арнайы келген. Қазір олар саяси додаға дайындық барысымен танысып жатыр. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспелов байқаушылар миссиясы партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, ұйымның басты міндеті — сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне баға беру.

СЕРГЕЙ ПОСПЕЛОВ, ҰҚШҰ ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл миссияның өкілдері Қазақстанда көктемде өткен референдумның барысын да қадағалаған. Оның нәтижесінде Конституция жаңартылғанын білеміз. Құрылтай сайлауының маңызы зор. Жексенбі күні біздің ұйымның өкілдері Астана мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелеріне жұмылдырылмақ.

Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы да қазір бас қалада жүр. Тынчтык Шайназаров атағандай, бір палаталы парламентке көшкен Қазақстан тарихи кезеңнің алдында тұр. Осы айтулы сәтте дауыс беру барысын 190 елден келген 777 халықаралық байқаушы қалт жібермей қадағалайды.

← Барлық жаңалықтар