Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Қазақ футболына FIFA 250 000 доллар бөлді

Отандық футболдың тамырына қан жүгірмек. Себебі Қазақстан футбол федерациясы саланы дамытуға арналған жоба әзірлеп, Talent Development Scheme бағдарламасына өтімін жіберіп, артынша грант жеңіп алды. Осылайша, ФИФА ресми түрде мақұлдап, 250 000 доллар бөлді. Қаржының басым бөлігі жақсы ойыншыларды іздеп, іріктейтін «Болашақ чемпиондар» жобасына жұмсалады. Ал қалғаны жаттықтырушылар мен скауттарды оқытуға, бағдарламаны іске асыруға және балаларды қорғау мен психологиялық қолдауға кетеді. Айта кетейік, сарапшылар біздің мемлекеттің жобасы әлдеқайда жоғары деңгейде дайындалғанын айрықша атап өтті.

← Барлық жаңалықтар