Құрылтай сайлауына орай сағат 9:00-де жалпыұлттық онлайн-марафон басталады. 16 сағат бойы саяси науқанның әр сәті көрермен назарына ұсынылады. Мұнда жиналған сарапшылар қоғамның көкейіндегі өткір мәселелерді, маңызды реформаларды және елдің ертеңіне әсер ететін шешімдерді ортаға салады. Эфирді 38 YouTube платформасынан, республикалық және аймақтық телеарналардан көруге болады. Ал жедел ақпарат «Онлайн марафон — 2026» телеграмында жарияланып отырады.