Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Ұлттық ұландықтар өз таңдауын жасауда

Саяси науқанға Ұлттық ұланның қызметшілері белсенді атсалысуда. Таңғы 7-ден бастап бөлімшелердің аумағында 36 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұл әскерилерге сыртқа шықпай-ақ, дауыс беруге мүмкіндік береді. Алғашқылардың бірі болып Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков өз таңдауын жасаған. Сондай-ақ өмірінде алғаш рет сайлауға қатысып жатқандар бар екен.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Дауыс беруге офицерлер, келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Ұлттық ұлан ардагерлері қатысуда. Көптеген жас сарбаз сайлауда өмірінде алғаш рет дауыс берді. Ұландықтар арасында туған күнінде сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағандар да болды. Сонымен қатар Ұлттық ұлан маңызды қоғамдық науқанға қатысқанына қарамастан, өзіне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындауды жалғастыруда.

← Барлық жаңалықтар