Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Құрылтайға жүктелер жауапкершілік қандай?

Құрылтай тек заңдарды қабылдайтын орган емес, елдегі саяси және әлеуметтік өзгерістерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін тиімді институт болуы керек. Сарапшылар еліміздегі саяси оқиғаның ерекшелігі мен маңызын айтты. Қазақстандық қоғамдық даму институты әлеуметтік зерттеулер жүргізген екен. Мамандардың пайымынша, оның нәтижесі қоғамдық көңіл күйдің өзгеру динамикасы мен халықтың электоралдық мінез-құлқының ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік берген. Тағы бір ерекше тұсы — осы сайлауда цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы болып отыр. Ол бір жағынан халықтың пікір білдіруіне, ұсыныстарын жолдауға және қоғамдық-саяси мәселелерді талқылауға мүмкіндік берген.

ЖАНАР БОҚАНОВА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы сайлау науқанының, электоралды науқанының ерекшеліктері, біріншіден, біздің еліміздегі цифрлық технологияларды кең пайдаланды деп айтуға болады. Мысалы, әртүрлі электоралды платформалар құрылды, сонымен қатар мына әлеуметтік желілерде көптеген мүмкіндіктер болды: өз пікірін айту, әртүрлі ұсыныстар жасау деген сияқты. Сондықтан азаматтық белсенділік өте жоғары болды. Оған дәлел, мысалы, мына теледебаттарды алатын болсақ, әрине, партиялардың белсенділігін көрсетеді.

← Барлық жаңалықтар