Қазмедиа орталығында да бүгін ерекше атмосфера. Таңғы сағат 9:00-ден бері жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады. 16 сағат бойы көрерменге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірі, арнайы репортаждар ұсынылады.
ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:
Жалпыұлттық онлайн-марафонның басталғанына 3 сағаттай болып қалды. Ауқымды шараға қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, сарапшылар мен өнер жұлдыздары қатысуда. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мұнда бірнеше алаң ұсынылған. Негізгі сахнада сарапшылар қоғам үшін өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын білдіреді. Сондай-ақ АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай және Бельгиядан тікелей қосылымдар ұйымдастырылған. Әр екі сағат сайын шетелдегі дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады. Айта кетейік, онлайн-марафон түнгі сағат 12:30-ға дейін болады. Эфир барысын көпшілік YouTube платформалары мен республикалық және аймақтық телеарналардан тамашалай алады. Асаубек, Қазмедиа орталығындағы атмосфера осындай. Сөз кезегі өзіңізде!