Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Шетелде дауыс беру тәмамдалып жатыр

Тоғыз елде дауыс беру тоқтатылды. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур секілді бірқатар мемлекеттердегі сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады. Астана уақытымен түнгі төртте есігін ашқан орындарда адам қарасы аз болған жоқ. Шетелде жүрсе де туған елінің болашағына бейжай қарамайтын отандастарымыз өз таңдауын жасады. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының жартысынан көбі дауыс беріп үлгерген.

ЖАЙНА ИСЛЯМОВА, ҚР АЗАМАТЫ:

Бүгін елшілікте азаматтарымыз өздерінің таңдауын жасап, дауыстарын беріп жатыр. Бұл халқымыздың еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді деп ойлаймын. Жаңа Құрылтай халықтың пікірін ескеріп, еліміздің дамуына нақты үлес қосады деп сенемін.

Қазір 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің 11-і жабылды. Қалғаны уақыт айырмашылығына байланысты. Германия, Испания, Франция секілді Еуропа елдерінде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды.

ҚУАНЫШ МИРГАЛИЕВ, ҚР АЗАМАТЫ:

Бүгін біз Құрылтай сайлауына отбасы болып келіп отырмыз. Бүгін Қазақстан еліміз үшін ерекше күн. Біз Қазақстан азаматы ретінде шетелде жүрсек те, бүгінгі күн біз үшін сондай жауапкершілігі мол және маңызды бір күн деп ойлаймын.

← Барлық жаңалықтар