Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Марфуға Айтқожина 90 жасқа толды

Қазақ поэзиясының аққуы Марфуға Айтқожина 90 жасқа толды. Әдебиетте өзіндік жыр өрнегін қалыптастырып, сыршыл шығармаларымен оқырман жүрегінен орын алған көрнекті ақынды Мемлекет басшысы мерейлі белесімен құттықтады. Марфуға Ғалиқызы — Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі еліміздің мәдени өміріне елеулі үлес қосқан тұлға. Алғашқы өлеңдер жинағы «Балқұрақ» деген атаумен 1962 жылы жарияланған. Әр жылдары «Шыңдағы жазу», «Жастық шақ», «Аққуым менің», «Таңдамалы» және өзге де ондаған өлең жинақтары жарық көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында ақын ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді «Қазақтың жыр Аққуы» деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін.

← Барлық жаңалықтар