Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің нақты қорытындысын айтып, заң шығарушы органға баратын партияларға мандатын бөліп берді. Сайлау өткелі қоғамдағы гу-гу әңгіме, Құрылтайға қай партиядан қанша депутат өтетіні қызу талқыланып жатыр. Осы маңызды сәттің басы-қасында жүрген әріптесім Жанар Арғынова қазір тікелей қосылып тұр. Жанар, қайырлы күн, сонымен партиялар бойынша мандаттар қалай бөлінді? Өзің айтшы?
ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:
Қайырлы күн, Асаубек! Иә, қазір ғана Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлудің қорытындысын жариялады. 5 пайыздық межеден бес саяси ұйым өтті. Олар — Әділет, Ауыл, Республика, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және Ақ жол. Ал Қазақстан Халық партиясы мен Байтақ жасылдар партиясы қажетті дауысты жинай алмады. Осылайша, олар Құрылтай депутаттығына өткен жоқ.
Нәтижесінде 145 депутаттық мандаттың 110-ы Әділет партиясына тиесілі. Ауыл — 10, Республика — 9, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Ақ жол 8 мандаттан иеленді. Сайлауға ел бойынша дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 74 пайызы қатысты. Оның 71 пайызы Әділет партиясын қолдаса, 6 пайызы Ауыл партиясына дауыс берген. Қалған үш саяси ұйымның әрқайсысы 5 пайыздан астам дауыс жинады.