Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті Сауд Али Әл-Тәниді қабылдады. Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық және кәсіпқой баскетболды, сондай-ақ 3×3 форматын дамыту мәселелері талқыланды. Президент биыл қазақ баскетбол тарихына 100 жыл толып, бұл спорт түрі жастар арасында ерекше танымал болғанын атап өтті. Мейманды ел Президенті Қазақстанда баскетболды дамытуға қосқан зор үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.