Мазмұнға өту
· 154 қаралым

Электромобиль 12 сағат бойы өртенді

Түркияда өртенген көлікті сөндіру 12 сағатқа созылды. Болжам бойынша, от көліктің аккумулятор орналасқан бөлігінен шыққан. Жалын әдеттегі тәсілге әл бермеген соң, құтқарушылар өртке қарсы заманауи құрылғыларды да қолданған. Мамандар өрттің маңайдағы көліктер мен орманға таралуына жол бермеді. Электромобиль толығымен жанып кеткен.

← Барлық жаңалықтар