Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Енді ЖИ кәсіпкерлерге көмектеседі

Кәсіпкерлер енді заңды ақтарып, бас қатырмайды. Елімізде бизнеске арналған жаңа AI-навигатор іске қосылды. Пилоттық режимде жұмыс істей бастаған цифрлық сервис қажетті заң талаптарын өзі саралап, ең маңыздысын іріктеп, жүйелеп береді. Яғни жасанды интеллект қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді талдайды. Бұл уақыт пен ресурсты үнемдеуге бағытталған ең тиімді жаңа құрал болмақ. Аталмыш функционал бизнеске арналған цифрлық AI платформасында қолжетімді, ал жақын арада eGov Business порталында да іске қосылады.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар