Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Үкімет отставкаға кетті

Үкімет отставкаға кетті. Алайда жаңа құрам жасақталғанша қазіргі министрлер кабинеті өз қызметін атқара береді. Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта жаңадан сайланған Құрылтай алдында атқарушы органның өкілеттігін доғаруына қатысты қаулы жазылған. Онда жаңа құрам бекітілгенге дейін қазіргі ведомство өз жұмысын істей беретіні айтылған. Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың жаңа құрылымы іске кіріскен соң Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынатынын атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды — Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын. Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс.

← Барлық жаңалықтар