Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Халыққа құр сөз емес, нақты нәтиже керек

Заңды да қабылдап, қоғамдық этиканы дәріптеуге де үлес қосу керек. Жұрт елдегі реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын, ең алдымен, сіздердің қызметтеріңізге қарап бағалайды. Осылай деген Президент Құрылтай депутаттарына жүктелген міндетті шегелеп жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейінде жүрген мәселелер мен қоғамды толғандырған түйткілдерді назардан тыс қалдырмай, оларды ретімен әрі сапалы шешу қажеттігін атап өтті. Өйткені бұқараға керегі құр сөз емес, нақты нәтиже. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қоғамдық орындардағы тәртіп пен мәдениетке де ерекше тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз қазір қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтырып жатырмыз. Бұл — күрделі, асқан ұқыптылықты талап ететін өте қажетті жұмыс. Жаңа этиканы қалыптастыру ісі ел алдындағы азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына байланысты екені сөзсіз.

Осылайша Президент депутаттарға халықтың зор сенімін ақтап, елге пайдасы тиетін нақты іске басымдық беру керектігін жеткізді. Мемлекет басшысы әрбір қабылданған шешімнің ел тағдыры мен мемлекеттің болашағына әсер ететінін айтып, әр қадамды байыппен басуға шақырды. Бұл жерде жеке бастың емес, елдің мүддесі бірінші орында тұруы тиіс екенін де қадап айтты.

← Барлық жаңалықтар