Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Халық кеңесі қашан жасақталады?

Халық кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы отырысында мәлімдеді. Халық кеңесі — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Оның басты мақсаты — қоғамдық келісімді нығайту. Су жаңа институт Құрылтайға тікелей заң жобаларын енгізіп, қажет болған жағдайда республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығына ие. Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына келіп, олардың функцияларын біріктіреді. Оның құрамына 126 адам кіреді. Барлық мүшелерді Президент 4 жыл мерзімге бекітеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл — Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл — бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді.

← Барлық жаңалықтар