Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Трамптың тосын мәлімдемесі

Венесуэланың мұнайы енді АҚШ бақылауында. Дональд Трамп Вашингтонның елдегі 65 миллиард баррельден астам қорын бақылауға алғанын мәлімдеді. Ол бұл мәмілені әлем тарихындағы «ең ірі мұнай келісімі» деп атады. Ақ үй басшысының сөзінше, шешім америкалық нарықтағы жанармай бағасының төмендеуіне мүмкіндік бермек. Ал Венесуэлаға шамамен 100 миллиард доллар жеке инвестиция тартылып, мыңдаған жұмыс орны ашылмақ. Бұл мемлекет жер қойнауындағы байлығы бойынша әлемде көш бастап тұрғанын айта кетейік. Мұнда 303 миллиард баррельден астам мұнай қоры бар.

← Барлық жаңалықтар