Бірер сағат бұрын Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалған Олжас Бектеновті Президент қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы жұмысына қатысты нақты бағыт-бағдарды айтып, бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы елдегі экономикалық өсімді одан әрі арттырып, халықтың тұрмысын жақсартуға басымдық беру керегін мәлімдеді. Ол үшін барлық мемлекеттік орган өзара үйлесімді жұмыс істеп, қолға алынған істің нәтижесіне мән беруі керек. Президент Үкіметтен жоғары жауапкершілікті және ел-жұртқа сезілетін оң өзгерістерді күтетінін жеткізді.