Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Австралиядан асыл тұқымды мал жеткізіледі

Еліміз Австралиямен бірге төрт түлікті асылдандырмақ.

Солтүстік Қазақстан облысына алдағы уақытта 6 мыңнан астам мал әкелу жоспарланып отыр. Сол үшін отандық мамандар осы елдің шаруа қожалықтарына барып, жануарларды іріктеп жатыр екен. Олар малдың тұқымын, жасын, салмағын, төл беру қабілетін бағалайды. Сондай-ақ төрт түліктің құнын, ветеринариялық талаптарды және Теріскейге жеткізу жұмыстарын пысықтауға кіріскен. Жалпы, Солтүстікке кейінгі үш жылда 9 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара әкелінген.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар