Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, екі ел сауда, инвестиция, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және цифрландыру бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Қытай еліміздің сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр. Сонымен қатар, Орта дәлізді дамыту, шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту және «ақылды кеден» жүйесін енгізу басты басымдықтардың бірі. Президент жасанды интеллект пен цифрлық экономика саласындағы бірлескен жобалардың да маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан халықаралық аренада да Қытаймен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады. Екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыс та нығайып келеді. Сондай-ақ, 2026 жыл Қазақстан мен Қытай арасында «Мәдениет жылы» ретінде аталып өтуде. Ал 2025 жылы елімізге келген қытайлық туристер саны 962 мыңға жетіп, бір жылда 47 пайызға артқан.