Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Құмай тазы Еуропа төрінде

Қазақтың құмай тазысы қарт құрлықтың төрінде. Ертең Брюссельде ұлттық брендіміз ұлықталып, арнайы фотокөрме ұйымдастырылмақ. Елімізде қыркүйектің 3-і тазы мен төбет күні болып ресми бекітілген. Бельгия астанасындағы «Желден де жүйрік – тазы» деп аталатын іс-шара да осыған орайластырылып отыр. Қазақстан елшілігі мұрындық болған мәдени жиынға Халықаралық кинология федерациясының атқарушы директоры бастаған, жергілікті билік өкілдері қостаған бірқатар мәртебелі мейман қатысады деп күтілуде. Бұл туралы «Nomad» ұлттық аңшылық клубы қоғамдық қорының жетекшісі Абзал Досыман мәлімдеді. Бұған дейін осындай фотокөрме Түркия, Финляндия, Эстония сынды мемлекеттерде ұйымдастырылыпты. Игі бастама қазақы тазыны халықаралық деңгейде кеңінен насихаттап, оның ұлттық құндылық ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етпек.

← Барлық жаңалықтар