Елімізде орташа жалақы рекордтық көрсеткішке жетті.
Осы жылдың екінші тоқсанында қатардағы қызметкерлердің айлығы орта есеппен 486 мың 388 теңге болды. Сәуір мен маусым аралығында мамандарға жалпы 5 триллион теңгеден аса жалақы төленген. Оның ішіне негізгі еңбекақымен бірге сыйақы, үстемеақы және басқа да төлемдер кіреді. Ең жоғары айлық қаржы және сақтандыру саласында тіркелді. Олар айына 1 миллион теңгеден аса ақша алады екен.
Рамазан Палмағанбет