Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Таңдай қақтырған техникалар

Астанадағы ЭКСПО көрмесінің алдында алып техникалар тізіліп тұр. Жол салатыны, кен орнын қазатыны, құрылыс салатыны, биіктігі көкке дейін баратыны бар. Барлығы өнеркәсіп пен инфрақұрылым жұмыстарына жегіліп, еңбекті жеңілдететін алып техникалар.

Кранның түр-түрі, ауыр жүк көліктері, экскаваторлар, асфальт төсейтін техникалар толып тұр. Дені Қазақстан нарығына жайлап еніп, түрлі саланың жұмысын жеңілдетіп жатқан жаңа машиналар. Ауыр техника сататын елдегі компаниялардың бәрі өздерінің ең үздік тауарларын көрмеге әкеп тізіпті.

АҢСАҒАН БЕКАЙДАР, ANTO MOTORS КОМПАНИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің компаниямыздың Қазақстанда 6 филиалы бар. Ол бір жылда ғана ашылған. Бұл бізде Shantui погрузчик 3 тонналық, 5 кубтық. Бұл тек қана құрылыс саласында ғана емес, жол саласында, ауыл шаруашылығында да қолданылады. Бұл погрузчиктердің ерекшелігі – баға төмен, сапа үлкен. Мысалы, біздің компания Caterpillar саймандарын жасайды.

Ал мына Тонли көлігіне тау-кен компаниялары қатты қызығып отыр. Себебі аса ауыр қазба байлығын тасуға таптырмайтын техника. Қазақстан нарығына 2 жыл бұрын келіп, бір өзі бірнеше техниканы оңай алмастырыпты.

ДАМИР АЛТАЙҰЛЫ, MEGA MACHINERY KAZAKHSTAN МЕНЕДЖЕРІ:

Кен орындарының ішінде жүре береді. Жол талғамайды. Бұл Тонли деген карьер самосвалы, бұдан артық самосвалдар әлі кірмеген Қазақстанға. Бұл брендті кіргізіп жатқан біз ғана. Бұл техника негізінде карьерде жұмыс жасайды. Руда, көптеген тау-кен, тастарды тасиды. Қиын жағдайларға арналған. Бұл 75 тонна ауыршылық көтереді. Пайдалы қазбаларды бұл техника зауытқа тасиды. Сосын зауыт өңдейді. Бұның функциялары өте ауыр тастарды көтереді.

Арнайы техниканың небір соңғы үлгілерінен бөлек, таптырмас түрлі саймандары мен жабдықтарын да осы көрмеден табасыз.

АБЗАЛ ДҮЙСЕНОВ, КӨРМЕ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде техника әр елден бар. Біздің өз елімізден, Солтүстік Америка елінен, Азия елдерінен келген техника бізде көрмеде бар. Біздің көрме 3-інен 5 қыркүйекке дейін болады. Біздің көрмеде әртүрлі салада техника бар. Келіп көре аласыздар, ішкі және сыртқы экспозиция бар. Құрылыс және тау-кен техниканы көрсетеміз. Біздің мақсатымыз – қазақстандық өндірушілерге көмек жасау.

Бір әттегенайы, мықты техникалардың басым бөлігі – шетелдік өнім. Құрылыс, жол салу, кен өндірісі, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер кірсе шыққысы келмейтін көрме 3 күнге созылады.

← Барлық жаңалықтар