Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Зейнетақы жинағына қатысты өзгеріс

Келер аптадан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты жеке инвестициялық компанияларға сеніп тапсыра алады. Демек, 7 қыркүйек күні салымшылар өздерінің есепшоттарында жатқан жинақты толығымен өзге компанияның басқаруына беруге құқылы. Зейнетақы активтерін басқаруға алты компанияға рұқсат берілген. Олар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арнайы тізіміне енгізіліпті. Айта кетейік, бұған дейін міндетті жарналар есебінен жиналған қаражаттың тек 50 пайызын ғана аударуға рұқсат етілген-тұғын. Ескеретін жайт, бұл өзгеріс ақшаны қолма-қол шешіп алу дегенді білдірмейді. Яғни жиналған сома бұрынғыдай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталады. Тек оны инвестициялайтын ұйымды салымшы өзі таңдайды.

← Барлық жаңалықтар