Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Ұлттық банк жаңа монета шығарды

Ұлттық банк «Мифтер, аңыздар, әзіл әлемі» сериясы аясында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» бейнеленген жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарды.

Дизайн қазақ халқының махаббат пен адалдықты арқау еткен ең көне әрі құнды жырларының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанының желісі бойынша әзірленді. Қазақстан теңге сарайында мельхиор қоспасынан құйылған бұл өнімге тампонды баспа технологиясы қолданылған. Монетаның салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 миллиметр, ал номиналы – 200 теңге. Құнды дүниенің таралымы шектеулі: бар-жоғы жеті мың дана. Коллекциялық монетаны Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Үсен Астана

 

← Барлық жаңалықтар