Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Канадалық хоккейші қазақтың етін сағынып жүр

Астаналық «Барыс» сапында талай жыл өнер көрсеткен канадалық хоккейші Даррен Диц Қазақстанды сағынып жүр екен. Ресейдің «Сібір» клубымен келісімшарты бар спортшы бас қаладағы матчтан соң «қазақтың етіне аңсарым ауып тұрады» деп ағынан жарылыпты. Шетелдік спортшы Қазақстанға жиі келіп демалады екен. Себебі Даррен 2019 жылы қазақ қызына құда түсіп, үйленген. Қазір хоккейші келіншегімен бірге екі бала өсіріп отыр. Айта кету керек, Даррен Диц елордалық ұжым сапында 4 жыл өнер көрсеткен. Тіпті жергілікті хоккейсүйер қауым спортшының есімін қазақша нақышқа келтіріп, оған «Дәурен» деп ат қойып алған еді.

← Барлық жаңалықтар