Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Теріскейде жапон ғалымдары егістікке көмектесіп жатыр

Теріскейдегі бау-бақша жапон ғалымдарының назарында. Күншығыс елінен келген биологтар осымен үшінші рет Солтүстік Қазақстан облысына ат басын тіреді. Ондағы мақсат — жергілікті жерде өсетін пияз, картоп, асқабақ, сарымсақ сынды өсімдік тұқымдарының аязға төзімділігін зерттеу. Өз елдерінде өсетін көкөністермен будандастыру. 200 миллион халқы бар Жапония мамандарының тәжірибесі біздің ғалымдарға қызық. Сондықтан қонақтардың бұл сапары екі жаққа да тиімді, дейді отандық биологтар.

АЙЫП ЫСҚАҚОВ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, «ҚАЗАҚ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕМШӨП ӨНДІРІСІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ» ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біздің мақсатымыз — осы екі елдің ғалымдарының байланысын нығайтып, еліміздің ғылыми деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығының деңгейін көтеру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің мақсатымыз — Қазақстанның жастары Жапонияның озық үлгілерін игеріп, солардың ғылыми, заманауи технологиясын Қазақстанға енгізіп, еліміздің ғылыми әлеуетін көтеріп, осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

КАНУЦОРИ ТАНАКА, ЖАПОН ҒАЛЫМЫ:

Біз сіздің елдің ғалымдарымен бірлесіп, ортақ халықаралық жобалар дайындап жатырмыз. Оған сай Қазақстан және Жапон студенттері алмасып, екі елде тағылымдамадан өтетін болады. Бұл жүйелі жұмыс өз нәтижесін беріп, болашақта үлкен ғылыми жобаларға әкеледі деп үміттенеміз.

Жапондық ғалымдар облыстың Айыртау, Есіл және Мамлют аудандарында болып, күзгі жиын-терімді өз көздерімен көріп қайтыпты. Олар іріктеп алған тұқымдар болашақта маңызды селекциялық жұмыстардың негізін қаламақшы.

← Барлық жаңалықтар