Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Үй бағасы көтерілуі мүмкін

Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттауы мүмкін. Сарапшылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер құрылыс компанияларының шығынын арттырады деп алаңдайды. Бұған дейін құрылыс компаниялары электр, сантехника, әрлеу сияқты жұмыстарға тартылған қосалқы мердігерлердің шығындарын есепке алып келген. Ал жаңа ережеде мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Соның салдарынан құрылыс құны өсіп, бұл тұрғын үй бағасына әсер етуі ықтимал.

ҰЛАН БАТЕНОВ, САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ:

Қосымша 20 пайыз төлеуге мәжбүр болып отырған құрылыс компаниялары, әлбетте, көтеруі мүмкін. 2026 жылдан бастап енгізілді. Ол нысандар әлі тапсырылмаған. Бірақ болашақта мердігерлерден сатып алып, содан шыққан шығынды өзінің табысынан шегере алмаса, онда құрылыс компаниялары 20 пайызға өсіруі әбден мүмкін.

← Барлық жаңалықтар