Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Қазақстанның қаржысы қайда жұмсалады?

Қазақстанның 3 жылдық қаржысы қайда жұмсалады? Республикалық бюджет жобасы Құрылтайдың қарауына түсті. Бұл туралы Дания Еспаева мәлім етті. Төраға орынбасарының айтуынша, депутаттар бюджет жобасын талқылауға қатысып қана қоймай, оған ұсыныстарын да енгізе алады. Қазірдің өзінде мемлекет қазынасы белгілі бір бағдарламалар бойынша бөлінген. Алайда осы шешімді халық қалаулылары тиімсіз деп тапса, тиісті түзетулер енгізуге құқылы. Әсіресе өңірлерден сайланған депутаттар күлшесіне қарай күл тартуға тырысады екен. Алайда заң шығарушы органның өкілдері өзгеріс енгізбес бұрын «Бюджет кодексімен» танысуы тиіс.

← Барлық жаңалықтар