Алдағы демалыс күні, яғни 13 қыркүйекте Шымкентте ауқымды марафон өтеді.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан іс-шараға биыл 7 500 адам қатысады деп күтілуде. Салауатты өмір салтын ұстанғандардың арасында шетелдік азаматтар да бар екен. Қатысушылар әртүрлі қашықтық бойынша бақтарын сынайды. Сондай-ақ командалық эстафета мен скандинавиялық жүріс бойынша жарыстар ұйымдастырылмақ. Айта кетейін, марафонның жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге.
Жанар Арғын