Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

100 әже 100 бесік жырын айтты

Сан түрлі бесік жырын жатқа білгіңіз келсе, Атырауға барыңыз. Мұнда бір мезетте 100 әже 100 түрлі әуезді әуенімізді шырқап, халқымыздың ұлттық тәрбиесін ұлықтады. Іңгәлаған сәбиді жұбатып, ананың мейірімі төгілетін жыр – қазақ салт-дәстүрінің ажырамас бөлігі. Сондықтан ұйымдастырушылар Отбасы күні қарсаңында мұндай құндылықтардың дәріптелуі өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиеге деген құрметін арттырады деп санайды.

ДОСЖАН БОЛАТБЕКҰЛЫ, МАҚАТ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақ халқының ұлттық болмысындағы әжелердің әлдиін естіген бала бойымызға сіңіретін ең үлкен ән болып есептеледі. Қазақ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді. Осы Мақат және Доссор кентіндегі өзіміздің мектептеріміз, балабақшаның барлық ата-аналарымен бірлесіп, осы өнегелі шараны өткізіп жатырмыз.

← Барлық жаңалықтар