Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Тоқаев Үндістанға не үшін барды?

Көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанған еліміз Үндістанмен өзара серіктестікке қан жүгіртіп жатыр. Өйткені, бұл нарығы өте мығым мемлекет. Әлемдегі ең ірі экономикалардың бірімен алыс-берісті ұлғайтсақ, ұтылмасымыз анық. Осы мақсатта Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Нью-Делиге барды. Мемлекет басшысы бүгін-ертең Үнді астанасында өтетін БРИКС-тің 18-ші саммитіне қатыспақ. Саяси диалог алаңында стратегиялық маңызы бар минералдар, жоғары технологиялар, фармацевтика, энергетика мен ғарыш, көлік-логистика және өзге де инвестициялық жобалар назарға алынады. Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында Үндістаннан елімізге импортталған тауар көлемі 242,8 млн долларды құраған. Қазақстан Үндістан нарығының әлеуетін толық пайдалануға ниетті болғанымен, өз кезегінде экспортын да 150 миллион долларға арттыруға ынталы. Бұл сапар тараптар арасындағы байланыстың ауанын жаңа арнаға бұрып, экономикалық серпіліске жол ашады деп күтіліп отыр.

← Барлық жаңалықтар