
Өскеменде бала күтушісі бүлдіршіндерді аяусыз сабаған. Таяқ жеген екі жасар ұлдың анасы балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалғанын айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жаға ұстатарлық видеоны көру Айяға оңайға соқпады. Тіпті, «бала күтушінің жалғыз ұлы немесе, бірнеше баланы бірінен соң бірін сабағанын көргенде, өзімді әрең ұстадым», — дейді ол. Видеода ол бір сәбиді жерге лақтырса, екіншісін ойыншықпен ұрып жатқанын байқауға болады. «Ұйықтар алдында ұлымды шомылдырып жатып, оның денесінде жарақаттарды байқадым. Баламнан не болды деп сұрадым. Ол маған «апай» деп жауап қайтарды. Балабақшаға барып, видеоны талап еттім. Әрине, барлық видеоны қолыма түсіру оңай болмады. Әрең дегенде алдым», — дейді қала тұрғыны Айя.
Источник: kaz.tengrinews.kz
28 ақпан 2018 жыл







