Қазақстан Оңтүстік Корея үшін тек экономикалық емес, саяси тұрғыдан да маңызды серіктес. Отандық сарапшылар Президенттің аталған елге мемлекеттік сапарының өзектілігін атап өтті. Олардың сөзінше, Сеул елімізде ұзақ мерзімді өндірістік және технологиялық байланыс орнатуға мүдделі. Ал біз олардан жасанды интеллект пен озық технологияларды меңгере аламыз. Сондай-ақ болашақ Alatau City қаласын дамыту ісінде де кәріс халқының берері көп.
ТЕМІРЛАН ӘБУҒАЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ:
Сеулдің Қазақстанға қызығушылық танытудағы басты фактор геосаяси тұрақсыздық болуы мүмкін. Қазір әлемде экономика бұрынғыдан да құбылмалы. Сондықтан Оңтүстік Кореяға тұрақты серіктестер керек. Маңызды минералдарға қолжетімділік пен жаңа көлік бағыттары қажет. Осы тұрғыдан Қазақстан сенімді серіктес. Ал Сеулдің Smart City, яғни «ақылды қала» бағытындағы тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Бұл елде ақылды қала жобалары ұлттық стратегиялар деңгейінде мемлекеттің жан-жақты қолдауымен нөлден бастап дамыған.
Маржан Нүсіпбек