Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Қазақстанда жаңа кроссовер шығарылады

Танымал кореялық кроссовердің жаңа моделі енді Қазақстанда шығарылады. Қазақстан мен Корея арасында Hyundai Tucson өндірісі туралы келісімге қол қойылды. Бұл брендке тиесілі жеңіл автокөліктер елімізде 2020 жылдан бері құрастырылып келеді. Ол өзара инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық аясын кеңейтуге ықпал етіп отыр. Енді осы бағытты ілгерілетіп, өндірісті тереңдетуге басымдық берілмек. «Таңғы шық» еліне мемлекеттік сапары аясында танымал корпорациясының президенті Сунг Кимді қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ауқымды жобаларды іске асыру әлеуетін талқылады. Бұл ретте көлік өндірісімен қатар, автобөлшектерді көптеп шығаруға да ден қойылмақ.

БЕКНҰР НЕСІПБАЕВ, ASTANA MOTORS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Енгсанг компаниясымен автокөліктердің дыбыс сөндіргішін және басқа да орындықтардың қаптамасын Қазақстанда шығаруға келісімшартқа қол қоямыз. Мотрекс компаниясымен автокөлік еденінің кілемшесі мен сол жобаларға келісімшартқа қол қоямыз. Және осы компания Қазақстанға инвестиция салмақ. Ол — ТиЕн Чин корпорациясы.

Өз кезегінде Сунг Ким Hyundai мен Kia жобаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. Сондай-ақ басқосу барысында Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауытын салу туралы QazaqGaz, Hyundai Engineering және SICIM Kazakhstan компаниялары арасында уағдаластыққа қол жеткізілді. Сапар аясында Президент осы елдің жетекші өзге де компанияларының басшыларымен кездесті.

← Барлық жаңалықтар