Оралдағы моншалардың бірінде аяқ астынан өрт болып, алаңсыз шомылып жатқандар апыр-топыр күйге түсті.
Тілсіз жау нысанның жертөлесіндегі бу бөлмесінен тұтанған. Шалт қимылдамаса, жағдайларының қиындайтынын түсінгендер әйтеуір сыртқа шығып үлгерген. Асай-мүсейлерін асынып жеткен құтқарушылар қызыл жалынды тез сөндірді.
Айдар Жұмағалиев, БҚО ТЖД бастығының орынбасары:
Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың жертөле қабатында өрт болып жатты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан 9 адам өз бетінше шығып үлгерді. Құтқарушылар өртті аз ғана аумақта қысқа мерзімде ауыздықтады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.