Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Кейбір дәрі-дәрмектің бағасын нарық реттейді

Енді кей дәрі-дәрмектің бағасын мемлекет емес, нарық реттейді. Денсаулық сақтау министрлігі құны бір айлық есептік көрсеткіштен, яғни 4 мың 325 теңгеден аспайтын препараттарды мемлекеттік бақылаудан кезең-кезеңімен шығарып жатқандарын хабарлады. Демек, 1200-ден астам дәрінің бағасы бұдан былай халықтың сұранысы мен ұсынысына қарай қалыптасады. Осылайша, негізгі позициялардың саны 3 мыңнан 1827-ге дейін қысқарды. Ал дәріханада белгіленген шекті бағадан жоғары сатылған дәрі анықталса, тұрғындар Dari.KZ деп аталатын мобильді қосымша арқылы шағым түсіре алады. Ол үшін препараттың қаптамасы мен сатып алғанын растайтын түбіртек қоса тіркелуі керек.

← Барлық жаңалықтар