Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Рыбакина шеберлік сабағын өткізеді

Спортшыда да спортшы бар, жомарттығы бір бөлек.

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ізбасарларын қолдап, жақын арада Астана мен Алматыда шеберлік сабақтарын өткізеді. Ол жас теннисшілерге бағыт-бағдар көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп, жанкүйерлерімен жүздеспек. Бұдан бөлек, Рыбакина жарақатына байланысты медициналық тексерістен өтеді. Сондықтан Қытайда болатын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыспайды. Өйткені емделу уақыты 2 аптаға созылады екен.

Жанар Арғын

← Барлық жаңалықтар