Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Қаланы қазып тастады

Ала жаздай жатып, күз келгенде қаладағы жылу құбырларын ауыстыруға кіріскендерге Шымкент тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Себебі оқу жылы басталып, кептелістен көз ашпай жатқан шақта құрылыс жұмыстарын бастағанын мүлдем түсіне алмайды. Оның үстіне құбырлары да аса бір ескіре қоймаған. Жаяу жүргіншілер жолағымен, дұрыс асфальттың астан-кестеңін шығарды деп налиды. Ал жөндеу жұмысы жүріп жатқан жерде техникалық қауіпсіздік мүлдем сақталмаған деп отыр.

ХАДИША ИСАБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаз бойы асфальт салды. Анандай кішкентай кірпіш бар ғой, сондайларды істеді. Келді де, 2-3 айдан кейін бұзып жатыр. Талдың бәрін қырықты. Оның бәрін құртты. Гүл еккен соң әдемі болады деген едік. Оның бәрін қопарып тастады ғой.

Ал бұған жауаптылардың өзіндік уәжі бар. Яғни қаладағы жылу құбырларының 37 пайызының әбден тозығы жетіпті. Соны жыл басынан бері зерттеп-зерделеп, арнайы конкурстарын өткізіп болған соң жұмысты бастадық деп отыр. Ұлттық жоба аясында 2026-2029 жылдар аралығында 11,3 шақырым ескірген жылу желілері жаңартылады дейді. Ал қазіргі жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтаймыз деп ақталды.

АЙДАР ҚАЛДЫКӨЗОВ, «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ – 3» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз тексеру барысында ол 2018 жылы ауыстырылған асфальт жұмыстары екен. 2018 жылдан бері 7-8 жылдай өтіп кетті. «Алматы Инстрой» өз есебінен құбырлардың бәрін ауыстырып болғаннан кейін благоустройкасын өз қаражатымен қалпына келтіреді.

← Барлық жаңалықтар