Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Алматыда троллейбус өртеніп кетті

Алматыда жолаушылар мінген қоғамдық көлік отқа оранды. Қаланың ортасындағы төтенше жағдайды тұрғындар телефонға түсіріп алып, таратып жатыр. Оқыс оқиға бүгін таңда Момышұлы мен Марғұлан көшелерінің қиылысында болған. Өрт сөндіру бригадасы жеткенше троллейбустың төбесіндегі электр сымдары жанып кеткен. Абырой болғанда, жолаушылар сыртқа шығып үлгеріпті. Ал қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат берген жоқ.

← Барлық жаңалықтар