Елімізде екі мыңға жуық сарбаз мемлекеттік грант иегері атанды. Отан алдындағы борышын өтеп келгендердің жартысынан көбі жоғары оқу орнына түскен. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілген. Ал тегін білім алуға әскери пәндер бойынша жоғары нәтиже көрсеткендер үміткер атаныпты. Сондай-ақ оғландардың жауынгерлік даярлығы мен психологиялық дайындығы ескерілген. Оған қоса әскери тәртібі мен арнайы міндеттерді орындау шеберлігі назарға алыныпты.
ДІНМҰХАММЕД БІРТАЙ, М. ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ALT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ I КУРС СТУДЕНТІ:
Осындай мүмкіндікті сыйлағаны үшін Қорғаныс министрлігіне, өзімнің 29 011 бөлім командирлеріне алғысымды айтқым келеді. Осы сәтті пайдалана отырып, өзімнің қарулас достарыма сәлем жолдаймын. Өзімнің достарым мен бауырларымды әскери қызметке шақырамын. Өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар.
Жілік майы толысқан жігіттердің көбі орман шаруашылығы, IT салаларын таңдайды екен. Сондай сертификат алмағандар да әскерден кейін сенделіп кетпейді. Екі жыл ішінде жоғары оқу орнына тапсыруға мүмкіндік бар. ҰБТ және қабылдау емтихандарының нәтижелерін ескерместен ақылы түрде білімін жалғастыра алады.
РҮСТЕМ ТӨЛЕГЕНОВ, ҚР ҚМ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:
Гранттың мерзімі бір жыл. Күздік және көктемдік шақырылымдық сарбаздарға. Өйткені ол толыққанды мемлекеттік грант болғандықтан, грантты бір жылдың ішінде қолдануға тиіс. Ниет білдірген кез келген сарбаздың қатысу мүмкіндігі бар. Және де грант иегерлері толыққанды мемлекеттік грант болғандықтан, шәкіртақы және жатақханаға деген бейімділік.