Қыс қыр астында, алайда бірқатар өңірде жылу беру маусымына дайындық әлі бітпеген. Бүгін Үкімет басшысы біраз аймақтың әкіміне тапсырма берді. Әсіресе солтүстік пен Абай жеріндегі жағдай ерекше қадағалануы қажет екенін айтты. Энергетика министрінің есебін тыңдаған Олжас Бектенов науқанды бақылау және үйлестіру ісін өзінің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск, Петропавл қалаларында жылу желілерін іске қосуға баса назар аудару қажет.