Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Оқушыларға қауіпті өткел

Жамбылдық жұрт атқамінерлерден ауыл маңындағы ағын судың айналасын қоршап беруді сұрайды. Себебі соңғы уақытта Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылында балалардың суға түсіп кету жағдайы жиілеген. Әзірге қауіпке тап болып, құтқарылғандардың бәрі дін аман. Әлеуметтің айтуынша, ұл-қыздар мектепке бару үшін күн сайын ағысы қатты өткелмен жүреді. Жан-жағы қоршалмаған соң кейде суға да түсіп кетеді екен. Бұқара бір сәттік абайсыздықтың соңы орны толмас өкінішке айналмай ма деп алаңдайды. Сондықтан шаһар іргесіндегі елді мекен тұрғындары қауіпті аумаққа қоршау орнатып, мәселені шұғыл шешуді биліктен талап етіп отыр.

ЕРЖАН САРЫНБЕКОВ, БУРЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балалар суға түсіп кете ме деп қорқып жатыр көбісі. Бір бала ағып кетіпті анау басынан. Қызыл көпірден аққандағы Құмжота жақтан қызды ұстап, аман-есен тірі шыққан. Темір тормен бе, қоршап берсе, балалар түспейтін қылып мүлде жақсы болар еді.

Жергілікті биліктің мәліметінше, балалардың суға ағып, батып кеткен жағдайы болмаған. Тіпті ағын судың үстіндегі өткел өрендерге қауіпсіз екенін айтады. Ал қоршауға қатысты мәселе алдағы уақытта шешімін таппақ. Ол үшін құны 320 миллион теңге болатын жоба әзірленіпті.

ЕРЛАН ӘШІРБЕКОВ, БУРЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Қазсушарға» арнайы өтініш жазылған. Қариялармен де барып шыққанбыз. Ол кісілер осы жобаны енгіземіз деген. Бір жарым метрге дейін қоршап береміз деген өздерінің ұсыныстары бар. 320 миллионға жоба жасадық деген арнайы жазбасы да бар.

← Барлық жаңалықтар