Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Келер жылдан бастап ұшатын таксилер жұмысын бастайды

Бұдан былай көздеген жеріңізге 10 минутта жетіп баратын күннің де ауылы алыс емес.

Себебі елімізде жаңа жылдан бастап ұшатын таксилер алғашқы жолаушысын тасымалдай бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Yandex Qazaqstan»-ның бас директоры мәлімдеді. Тимур Шалекеновтің сөзінше, қазірдің өзінде Алматы, Астана және Қосшы аспанында алғашқы сынақтар өтіп, шаһарлардың сандық картасы сызылып жатыр екен.

Тимур Шалекенов, Yandex Qazaqstan бас директоры:

Қазір Алматыда осындай ұшатын алғашқы көлік сынақтан өтіп жатыр. Бүгінгі кезеңде қала туралы деректер жиналуда, болашақта оның цифрлық картасы қалыптасады. Ал коммерциялық жолаушылар тасымалына көшу үшін көлік бірнеше мың шақырымды сынақ режимінде жүріп өтуі қажет.

Аяжан Қожатай

← Барлық жаңалықтар