Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Президент: елімізге популистер емес, нағыз патриоттар қажет

Елімізге популистер емес, нағыз патриоттар қажет. Кәсіби ортада мойындалған көшбасшылар мен түрлі саланың майталмандары керек. Осылай деген Мемлекет басшысы елді жаңғырту ісіне азаматтардың тікелей араласуы маңызды екенін атап өтті. Халық кеңесі құрамының үштен бірі қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен жасақталған. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мұны трансформацияның жаңа кезеңі деп бағалады. Президенттің сөзінше, реформалар қарқыны бәсеңдесе, оның салдары тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін. Сондықтан да өзгерістерді жүйелі түрде жалғастыру қажет.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көп жұмыс атқарылды. Мұны мойындау керек. «Үшінші сектор» тың серпін алып, қоғамдық бақылау тетіктері қалыптасты және кері байланыс жолға қойылды. Алайда реформалар самарқаулықты көтермейді. Біз мұны жақында өткен жағдайдан сабақ алып, көкейімізге мықтап түйдік. Өзгерістер кезеңіндегі қысқа мерзімді кідірістің өзі тұрақтылықтың шырқын бұзып, ауыр салдарға ұрындыруы ықтимал.

← Барлық жаңалықтар