Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Алматыда Бәтима Зәуірбекованың көрмесі ашылды

Алматыда қазақ гобелен өнерінің негізін қалаушы Бәтима Зәуірбекованың жеке көрмесі ашылды. Жіптен өрнек өрген суретшінің туындылары Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің үш залына қойылды. «Мұра жіптері» деп аталатын шығармашылық топтамадан қолөнершінің графикадан бастап, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі тоқылған сан алуан еңбегін көруге болады. Көрме қылқалам шеберінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

ГҮЛАЙЫМ ЖҰМАБЕКОВА, Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көрмеде 80-нен аса жұмысы қойылды. Музейдің өзінде ол кісінің 17-дей жұмысы бар. Гобеленнен басқа жүннен жасалған жұмысы бар. Біз осы Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдық мерейтойына арналған жұмысқа 2 жыл бойы дайындалғанбыз. Бәрі өңделіп, реставрациядан өтіп, шығармашылығын зерттеумен біздің мамандар айналысып жатыр.

Бәтима Зәуірбекованың шығармалары Франция, Түркия, Италия және Швейцария сынды елдерді аралап қайтқанын айта кету керек. Ал осы жолғы көрме оның өнер жолын толық қамтиды. Сондай-ақ мерейтой қарсаңында суретшінің ғұмырынан сыр шертетін үш кітап жарыққа шықпақ.

← Барлық жаңалықтар