Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Құтқарылған әскери есін жиды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде құтқарылған әскери қызметші есін жиды. Қазір ол Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Ұлының жағдайын білуге ата-анасы келді. Дәрігерлер жігіттің жағдайы бірқалыпты, тұрақты екенін айтты. Ол келген жақындарымен тілдесіп, өз бетінше ас-су ішетін халде екен. Ақ халаттылар тарапынан барлық қажет медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр.

БЕКБОЛАТ ІЗБАСАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сарбаздардың біреуі облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Түскен кезде барлық тексерістен өтіп, қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Терапия бөлімшесінде ем қабылдауда.

← Барлық жаңалықтар