14 оғланның қазасына байланысты шет мемлекеттер де еліміздің қайғысына ортақтасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері жеделхат жолдап, марқұмдардың отбасылары мен жақындарына, Қазақстан халқына және Президентке көңіл айтты. Мемлекет басшысы қиын сәтте қолдау көрсеткен әріптестеріне ризашылығын білдірді.