Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Ұлттық ұлан ерлер хорына – 10 жыл!

Ұлттық ұланның ерлер хорының құрылғанына – 10 жыл! Осы датаға орай Астанада ұжымның мерекелік ән кеші өтті. Бұл топтың мүшелері өздерін әскери стереотиптерді бұзушымыз деп таныстырады екен. Айтса айтқандай-ақ, оған концертте көрерменнің көзі әбден жетті. Жұрт әскери киім киіп, қақайып тұрған сарбаздарды көрген жоқ. Би билеп, түрлі жанрда ән айтқан топтың өнеріне тәнті болды. Ұжым өзінің 10 жылдық тарихындағы ең таңдаулы әндер мен патриоттық туындыларды орындады.

АРАЙЛЫМ РАҚЫМҚЫЗЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бағдарлама өте әдемі. Әр нөмір бір-бірін толықтырып тұр бұл жерде.

ЖАНАР ҚАРАТАЙҚЫЗЫ, КӨРЕРМЕН:

Шынымды айтсам, мен Астана төрінде әскери адамдардан дәл осындай деңгейдегі концерт көремін деп мүлде ойламап едім. Әлемдік туындыларды жанды дауыста орындау екінің бірінің қолынан келмейтін дүние. Жігіттердің өнеріне тәнті болып, кештен керемет әсер алдым.

← Барлық жаңалықтар