Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Жайықтан жеткен жаңғырық

Астанада «Жайық толқыны» креативті көрмесі өтті. Батыстың бас қаласы Оралдан елордаға қырықтан астам қолөнерші ат басын тіреген. Олар өңірдің мәдени болмысы мен шығармашылық әлеуетін танытатын туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды. Тек таныстырып қана қойған жоқ, домбыра жасау, қамшы өру, сурет салудан шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Сондай-ақ өнерпаздар әлемдік музыканы қазақтың ұлттық әуенімен ұштастырып ән салды. Ал дизайнерлердің тарихпен астасқан сәндік топтамалары жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Іс-шара Creative Aimaq жобасының аясында жүзеге асырылыпты. Екі күннің ішінде 3 мыңға жуық адам келіп, 5 млн теңгенің өнімі саудаланған.

АҚСҰЛУ АХМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кірмей тұрып-ақ далада, яғни көшеден мына «Жайық толқынының» әсерлі сондай бір әсем көрсетілімдері бар екен. Ішке кірген кезде барлығы да өте әсем. Эстетикаға сай. Сатылып жатқан өнімдердің сапасы өте жоғары, бағасы төмен болғанымен, сапасы өте жоғары.

МЕДХАТ ҚАМБЕТОВ, БҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Батыс Қазақстан облысында былтырғы жылдан бері ÓzgeEpic creative hub-ы жұмыс істеуде. «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен үлкен қомақты жұмыстар атқарылуда. Ол жерде тек қана креатив жұмыстарды көрсету ғана емес, мамандарды қайта даярлауға да көңіл бөлу. Жаңа мамандықтарға 23 бағыт бойынша 200-ден астам маман қайта даярланып шықты.

← Барлық жаңалықтар