Мазмұнға өту
· 16 қаралым

А. Мырзахметов: әскерде ескірген теорияға жол жоқ!

Қарулы Күштерде ауқымды реформалар толқыны басталды. Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов алғашқы жұмыс кеңесін өткізіп, Мемлекет басшысы жүктеген армияны кешенді жаңғырту міндеттерін айқындады. Жаңа басшының басты ұстанымы – бос мақтан мен құр есепті қысқартып, әскердің жауынгерлік әзірлігін нығайту. Сонымен қатар басқару жүйесі толық цифрландырылып, қару-жарақ пен әскери техниканы дамытуға басымдық берілмек. Ал саптағы сарбаздың даярлығы ескірген теорияға емес, заманауи тәжірибеге негізделуі тиіс.

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Армия есептік көрсеткіштер мен көзбояушылық іс-шаралар үшін емес, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін дамуы керек. Әрбір үдеріс, әрбір шешім және бөлінген әрбір ресурс практикалық нәтижеге ие болып, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталуы тиіс. Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек.

Кеңес барысында министрліктегі кешенді тексеру барысы да қаузалды. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына комиссия жұмысына қажетті қолдау көрсетіп, талап етілген барлық ақпаратты ұсыну міндеттелді.

← Барлық жаңалықтар